Батыс өңірін топан су басып, елді мазасыз күйге түсірген биылғы көктемде Сыр күрішінің берекесі қашып тұр. Дала төсіндегі еңбек дүбірінің нағыз қызған шағында тіршілік нәрінің тапшылығын сезінген диқан қауымы «Еселі еңбегінің өтеуі қайтпай ма?» деген қорқыныш құшағында отыр.