Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сырымбек Сәрсембаев мәслихат депутаттарының форумында Жылыой ауданындағы «Аралтөбе» су қоймасының құрылысын тілге тиек етті. Бұдан бөлек, ол Арқалық, Құлсары, Кентау, Риддер, Саран сынды еліміздегі 27 моно қалада шешімін таппай отырған мәселелерге тоқталды.