Қазіргі қазақ прозасының көрнекті өкілі Қуаныш Жиенбай шығармашылығының басты идеялық түйіні «Табиғатты аялаңдар, адамдар» деген өзекжарды ойға тіреліп жатады. Бүгінгі уақыт күрмеуі мол күрделі проблемаларға толы десек, соның ең бастыларының бірі – Табиғат–Ананы қорғау мәселесі.