Бүгін елордада Талдау мектебінде оқудың үшінші кезеңі басталды. Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының бұл бастамасына палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдау білдіріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Қоғамдық жоба барысында қатысушыларға қазақстандық және шетелдік белгілі сарапшылар да дәріс оқиды.