Татьяна Капуова – қазақ отбасына келін болып түскен украин қызы. Қазақ асханасынан бастап салт–дәстүр, жөн–жоралғыларды терең меңгерген Татьяна келін қазір өзге ұлттың балаларына театр көмегімен қазақ тілін үйретіп жүр. «Мен қазір қазақша сөйлеп қана қоймай, қазақша ойлай бастадым», – дейді Татьяна.