Ақмола облысының Шортанды кентінде 8 мыңнан астам тұрғын жылдар бойы су тапшылығын тартып келеді. Әсіресе, жаз айларында жағдай аса қиын. Бау-бақшаны суаруды мүлдем ұмытқан тұрғындар тәулігіне тек 9 сағат қана су берілетінін айтады. Түйінді жағдайды Мәжіліс депутаттары да көзімен көріп жағдайды бақылауға алуға уәде етті, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.