Теріден тон киіп, елтіріден ішік жамылған бабаларымыз заманында мал терісінің құнын шынымен-ақ білген екен. Тулақты да итке тастамайтын қазақ бүгінде төрт түліктің терісі мен жүнін жинап, шетінен от қойып өртейтін болды. Сөйтпегенде қайтсін, асыл бұйымның аз да болсын, құны қалмаған.