Биыл шомылу маусымы ашылғалы бері елімізде 87 адам суға кеткен. Ал Атырауда жаз басталғалы алты адам суға кетіп көз жұмды. Тасқынға байланысты Атырауда әлі күнге дейін шомылу маусымы ашылған жоқ. Бірақ аптап ыстықтан суға түсіп қана қорғанғысы келгендер мамандардың ескертуіне құлақ асар емес.