Ұлытау облысында мемлекеттік тілді оқыту курстары биыл да жалғасын табуда. Осы уақытқа дейін 73 тыңдаушы қамтылды. Оның бәрі сертификат алды. Ағылшын тіліне де қызығушылық артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 3 топ ұйымдастырылып, 24 адам қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.