«Жетім көрсең жебей жүр» деп халқымыз бекер айтпаған. Тарихында талай нәубет, мехнат, зұлматты өткерген қазақ елі ата-анасыз қалған балаларды аман сақтап, солардың арасынан шыққан хан, батыр, ғұлама, дарын иелерінің бағын ашты, ұлты мақтан тұтар ұланға айналдырды.