Сатира – күлдіріп отырып жылататын, жылатып отырып күлдіретін сиқырлы өнер. Шындықты шымшып айтып, өміршең дүниелерді жазатын сатириктер қоғамға қашан да керек. Қоғамның жай-күйін ойнақы оймен жеткізіп, орайы келсе тілімен түйреп алатын сатириктердің бірі – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Толымбек Әлімбекұлы.