Елімізде бірнеше жылдан бері мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі артып, цифрлық инновациялар белсенді түрде енгізіліп келеді. Әсіресе, соңғы үш жылда мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді басқаруға және ыңғайлы сервистер құруға бағытталған көптеген цифрлық шешім іске қосылуда. Жақында Астанада өткен Digital Finance Day шеңберінде таныстырылған жобалар – сөзіміздің жарқын мысалы.