Талдықорғанның іргесіне орналасқан Ескелді ауданына қарасты Абай, Ешкіөлмес, Қарабұлақ ауылдарының бірқатар тұрғыны осыдан бірер ай бұрын болған қатты нөсерден соң таудан аққан тасқыннан зардап шеккен болатын. Үйлері мен аулаларын су басып, біразының баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған еді.