Желтоқсан айы – еліміз екіұдай сезім кешер ай. Жер беті ақ көрпесін жамылып, терезелер әсем өрнектерге толған осынау мезгілдің біз үшін өз кереметтері жоқ емес. Қазақ біткен қысқы соғымын дайындап, алыс-жақынды шақырып, мәре-сәре болысып, күнтізбе беті ауысатын болғандықтан жаңа жылды да тойлауды ұмытпайды.