Жазушы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын қалай жазғаны туралы айтқан «Өз жайымнан мағлұмат» атты естелігінде былай дейді: «Әлдеқашан бел асып кеткен көштің жұртына кешігіп жеткен жолаушы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, тұтатпақ боп үрлемей ме – жаңағы естеліктерді шашау шығармай сақтаған менің халім де сондай еді. Сөйтіп, мен қарт адамдардың көмескі жадында ұмыт болған көп нәрсені қайта ойлатып, айтқызып алдым», – дейді.