Соңғы бірнеше күнде Шыңжаңның Тұрпан қаласында үздіксіз жоғары температура сақталды. «Жалынтау» көрініс аумағы маңында жер бетіндегі ең жоғары температура 80°C-қа дейін жетті. Бірақ осындай ыстық болсада туристердің келуі еш төмендеген жоқ, олар керісінше «өте ыстық» сезімді бастан кешіруді қалады, деп жазады ҚазАқпарат Қытайдың Орталық халық радиосы ақпарат порталына сілтеме жасап.