Көне Тараз шаһары жайында тарихтың ақтаңдақ беттерінде де, ел ішінде де айтылып жүрген аңыз-әңгіме көп. Әсіресе, тарихи орындар туралы таңдай қақтырарлық деректер аз емес. Міне, сондай аңызы мен ақиқаты астасқан ескерткіштердің бірі – «Тектұрмас» кесенесі.