Қаңтар айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Сынақ тапсырған талапкерлердің 67%-ы – қазақ тілінде, 32,9%-ы – орыс тілінде, 13 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.