Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі ғасырлар бойы шығыс халықтарының мәдениетін ұштастырып, түрлі ұлт пен ұлысты ұйыстырған ортақ құндылыққа айналды. Ежелден көктемнің шырайлы шуағымен қатар енетін ұлық мереке табиғаттың жаңаруы мен адамзаттың рухани жаңғыруының нышаны саналады.