Мәжіліс отырысында "AMANAT" партиясының мүшесі Самат Мұсабаев бастаған бір топ депутаттар еліміздің бас прокуроры Берік Асыловқа сауал жолдап, домбыра, қобыз, киіз үй, ұлттық киім, ұлттық тағам секілді ұлттық құндылықтарды қандай-да теріс мақсатта пайдаланып, мазақ етуді қылмыстық әрекет деп бағалап, жауапқа тартылу керегін талап етті.