Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың жетекшілігімен өткен жалпы отырыста депутаттар «ҚР Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заң екінші оқылымда қабылданды.