Астанада өтетін ауқымды 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында халықаралық аренада ұлттық мәдениеттің насихатын жасау мақсатында «Ұлы дала жорығы» өтеді. Бұл марафон-бәйге халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, 3-7 қыркүйек аралығында бірқатар елдің шабандоздарының басын біріктіреді.