Текелі қаласының тұрғыны Юрий Семичев жеке кәсібін бастауды көптен ойлап жүрген. Мемлекеттік қолдаудың арқасында былтыр жыл соңында өз ісін бастаған кәсіпкер электр қозғалтқыштарын жөндеп, қалпына келтіретін шеберхана ашты. Бүгінде шағын цехта қуаты 160 кВт-қа және салмағы 2 тоннаға дейін жететін кез келген қуатты электр қозғалтқыштары қалпына келтіріледі.