«Ауылға назар аударылмайды» дейді. Осы жұрт қызық. Аударылып-ақ жатыр. Қайбір жылы «Ауыл жылы» деген ұран аттандап кеткені мүлде естерінде жоқ. Мемлекеттік газеттің ішкі қос бетінде аншлагпен «Ауыл назары Үкіметте! Ауыл көркейеді. Ел тіршілігіне қып-қызыл қан жүгірді» деген қаратпа сөздер айқайлап тұрды. Әншілерге де тапсырма берілсе керек.