Ішкі істер министрлігі «Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын» ашық талқылауға шығарды. «Ашық» НҚА порталында жарияланған тұжырымдама бірнеше маңызды бағытты қамтыған. 4 жылдық жоспар тұрғындар қауіпсіздігі және азаматтардың құқық қорғау қызметкерлерімен әріптестікте жұмыс істеуіне негізделген.