Азия ойындарының он екінші күні Қазақстан қоржынына қатарынан 3 алтын қосылды. Осылайша, медальдар кестесінде еліміз 13-орыннан 11-інші орынға көтерілді. Қазір еншімізде барлығы 63 жүлде бар, оның 9-ы алтын, 16-сы күміс, 38-і қола жүлде. Ал жарыстың аяқталуына екі күн қалды.