Танымал туындыларды қазақша сөйлеткен әлемдік студиялар қатары толығып жатыр. Disney мен Pixar студияларының қазақ тілін қолдау бастамасын енді Sony Pictures компаниясы қоштады. Аталмыш компания Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұсынысымен «Веном. Соңғы би» (Venom: The Last Dance) фантастикалық экшн туындысын өз қаражатына аударып, қазақша дубляждады.