Елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздар бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі өседі. Мәселен, стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге көтеріледі.