Қазақстанда 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі. Алайда Энергетика министрлігі бағаның күрт қымбаттауын күтпейді. Бұл туралы жұма күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.