Жақында 1 сынып балаларына арналған көмекші оқу құралында "өл" деген сөздің жазылып тұрғаны жайында ақпарат тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Өз кезегінде "Менің алтын жазу үлгім" жазу дәптерін шығарушы "8&8" ЖШС-гі мәлімдеме жасап, "өл, өш, си" сөздеріне түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.