Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Бұл туралы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі хабарлады. Биыл білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға барлығы 80 мыңға жуық өтінім түскен. Құжаттар 13-22 шілде аралығында қабылданды. 10 тамызда білім гранты иегерлері тізімі Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ресми Telegram-каналында және республикалық БАҚ беттерінде жарияланады, делінген министрлік каналында.