Саясаттанушы Досым Сәтпаев Алматының 100 жылдық суреттерін жариялады. Айтуынша, қаланың картасын Максим Ткаченко досынан тауып алған. Байқағандарыңыздай, қала бүгінмен салыстырғанда әлдеқайда кішкентай болған. Картада бүгінгі қаланың орталығы ғана қамтылып, шахмат тақтасына ұқсайды. Ал шетінде патша үкіметі кезіндегі көше атауларының заманауи үлгіге ауысқан кестесі көрсетілген.