Қаскөй ұрлаған алтындарын қала шетіндегі шөл далаға тыққан. Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс әшекей бұйымдарының ірі ұрлығы жасалған, деп хабарлайды Polisia.kz. ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй базардың алтын сататын қатарына түнде кіріп кеткен. Ол сегіз сауда орнының сөрелерін сындырып,