Түркияның Хатай провинциясында он бір күннен кейін үйінді астынан аман табылған 17 жастағы қыз Алейна Өлмезге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Алейнаны қараған дәрігерлер таңданысын жасырмады, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Адам сенгісіз жағдай. 248 сағат, яғни он бір күннен кейін келді. Дене мүшелері, бүйрегі сияқты мүшелерінің өзгеріске ұшырамай бізге келуі қатты таңғалдырды. Денсаулығы да өте жақсы. Алғаш келген