Алматы соттары Есентай өзенінің жағалауындағы жаңа ғимаратқа көшуді жоспарлап отыр. Бұл кезінде элиталы қонақүй ашу көзделген нысан. Локациясы «қымбат-бай» санатынан: қала орталығы, Қастеев музейінің маңы, әсем көрініс. Ғимараттың өзі бұрын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған. 2022 жылы Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қаржы жымқыру ісі бойынша сотталып, мүлкі тәркіленген еді. Аяқталмай қалған қонақүй активтерді қайтару науқаны аясында мемлекет меншігіне өтті. Формалды түрде бәрі қисынды көрінеді: нысан мемлекетке қайтарылып, қоғамдық мақсатта пайдаланылмақ. Алайда мәселе бұнымен бітпейді неге олай екенін Ulysmedia.kz зерттеп көрді.
116 миллион желге ұшты: Алматы соттарына Сатыбалдының бұрынғы қонақүйінің ғимараты не үшін керек
Жаңалықтар