18 мамырда Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Көкшетау қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында күн […]