Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) 154 мың қазақстандық тапсырды. Емтихан нәтижесі белгілі болды. Дегенмен Ұлттық тестілеу орталығы бейнежазбаларды тексеру әлі жалғасып жатқанын хабарлады. Видеожазбаларды тексергеннен кейін 153 тест тапсырушының нәтижесі жойылған. Оның 137-сі білім грантының иегерлері екені белгілі болды. Осыған орай бұзушылық фактілері бойынша қызметкерлерге тексерулер жүргізіліп жатыр. Биыл 327 түлек тестілеу кезінде тыйым салынған