Қазақстандықтарға белгілі махаббат хикаясының кейіпкерлері Мәрлен мен Әнел алғаш рет ата-ана атанды, деп хабарлады turkystan.kz. Әнел әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы сәбиін қалай күткені туралы айтты. Алла бізге 10 жыл сабырмен күткен сәбиді берді. Иә, маған оңай болмады. Дәрігерлер «ешқашан ана болмайсың» деп неше мәрте қолдарын бір сілтеді. Маған ауыр тиетін, жылайтынмын. Бірақ ешқашан Алладан үмітімді