Жетісу облысының Шолақай ауылында 15 жастағы Құралайды зорлап, өлтіріп, артынан өртеп жіберген қылмыскер өмір бойына сотталды Жантүршігерлік қылмыс жасаған 39 жастағы Рустам Ахметовке Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов осындай жаза кесті. Үкім кезінде судья жаға ұстатар қылмыстың жай-жапсарын баяндады. Тергеу дерегінше, сотталушы алдымен 15 жастағы Құралайды зорлап, айуандықпен өлтірген.