Арқанкерген шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен 2012 жылы өмір бойына сотталған Владислав Челах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Челах Тоқаевтан тергеу процесін қайта бастап, өзінен «жалғыз куәгер ретінде» жауап алуды сұрайды. Құрметті президент, көп жыл өтсе де қайғылы оқиға жайлы қайта айтуға дайынмын. Менің бар сұрарым, мені тыңдап, маған мүмкіндік берсеңіздер. Қалай