Әйелдер мен қыздарға қатысты гендер зорлық-зомбылығы - әлемде ең көп тараған адам құқығының бұзылуы. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға арналған 16 күндік науқан бастады. Науқан жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы ұран - «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірге тоқтатамыз!». БҰҰ мәлімдемесіне сүйенсек, дүниежүзінде әрбір үшінші әйел гендер зорлық-зомбылықтан зардап