Қазақстанның 16 өңірінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Олардың қатарында үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестік жетекшілері, балалар құқығын қорғауда тәжірибесі бар азаматтар бар. Енді баланың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда ата-аналар, балалар және басқа да кез келген азамат өз аймағындағы уәкілдің көмегіне жүгіне алады. Кандидаттар облыс пен республикалық маңызы