Елде 17 мыңнан астам әйел бірнеше жерде жұмыс істейтінін көрсетіп, жүктілік пен босануға байланысты мемлекеттен 28,6 млрд теңге көлемінде төлем алған. Олардың ішінде 42 жұмыс орнын көрсеткен жағдайлар да анықталған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.