Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы Түркістан облысында тағы да үшем дүниеге келді. Сәбилерге ата-анасы Фатима, Зухра және Хасан есімдерін берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. Төлеби ауданында 35 жастағы келіншек алғаш рет ана атанып, үшемді өмірге әкелді. Үшемдер Түркістан облыстық № 1 перинаталдық орталығында дүниеге келген. Дәрігерлер жүктіліктің 35 аптасында ота жасап, сәбилерді аман-есен босандырып алды....