14 қаңтар күні Астана-Шымкент бағытындағы SCAT әуе компаниясының ұшағында медицина университетінің 7-курс студенті Дінмұхаммед Шегебаев жолаушының өмірін құтқарып қалды. Ұшу кезінде ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Сол күні Дінмұхммед Шымкенттегі туыстарына қыстық демалысқа кетіп бара жатқан. 24 жастағы студент кенет ұшақ салонының абыр-дабыр болып кеткенін, ұшқыштың жолаушылардың арасынан медициналық көмек...