Фото: видеодан скрин Ақтөбе қаласындағы Авиагородок ауданында тұрғындар дабыл қақты. Гараждар маңынан бірнеше иттің өлексесі табылған. Куәгерлердің айтуынша, жануарлар атылған болуы мүмкін, ал олардың денесі қар үстінде сол күйі тасталып кеткен. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Әлеуметтік желіде тараған видеода өлі жануарлардың ашық жерде жатқанын көруге болады. Күн жылынған сайын жағымсыз иіс шығып, инфекция...