Фото: видеодан скрин Қазақстандық ірімшік шетелдік өнімнен кем емес. Мұны Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде ел нарығында сатылып жатқан ірімшіктің 58 пайызы – отандық өндіріс. Яғни ішкі сұраныстың жартысынан көбі өз өнімімізбен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Министр алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу екенін...