Жамбыл облысы Мерке ауылында 18 жастағы цирк әртісі Мария Кацунның жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Massaget.kz. Марияны ақтық сапарға туыстары, әріптестері, мұғалімдері, сыныптастары мен достары шығарып салған. Қызбен жақын қарым-қатынаста болғандар оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Біз Машамен өте жақын едік, ол маған бәрін айтып беретін, әпке дейтін. Ол тамыздың ортасында Алматыға келді, біз көрістік.