Түрмедегі азаматтық белсенді Ермек Нарымбайдың аштық жариялағанына 24 күн болды. 26 қазанда онымен кездескен адвокат Ғалым Нұрпейісовтың сөзінше, Нарымбай 18 килограмға азып кеткеніне қарамастан аштығын тоқтатпауға бекінген, деп жазды Abai.kz. Өте әлсіз болып қалыпты, 18 килограмға арықтап кетіпті. Менімен кездесуге балдақпен шықты. Бірақ алған бетінен қайтпайтынын, аштығын тоқтатпайтынын жеткізді. Ол аштығының басты мақсаты – оппозицияның