Мамырдың 18-інде Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесін ұсынады. Көрме 18 мамыр – дүниежүзілік музей күніне арналады. Музей қызметкерлерінің «Көктем нұры» көрмесі жақсы дәстүрге айналып, 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Экспозицияда 80-нен астам жұмыстар ұсынылған. Бұл кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары. Аталмыш көрмеге